Бетонды алмазбен бұрғылау — бұл арнайы алмаз бұрғыбастарды, бұрғыларды пайдаланып бетонға ену процесі. Ол құрылыста, жөндеуде және бетон конструкцияларда тесіктер жасау талап етілетін басқа салаларда кеңінен қолданылады.
Кәдімгі бұрғылардан айырмашылығы, алмаз бұрғыбастардың, бұрғылардың ұштарында алмаз кристалдар бар, олар бетон, кірпіш немесе тас сияқты қатты материалдар арқылы өтуге мүмкіндік береді. Алмаз жер бетіндегі ең қатты материалдардың бірі болып табылады, сондықтан ол бетонды бұрғылау кезінде жоғары тиімділікті және ұзаққа жарамдылықты қамтамасыз етеді.
Алмазбен бұрғылау процесіне келесі қадамдар кіреді:
1. Дайындау: Бұрғылап тесілуге тиіс тесіктің орны мен өлшемін анықтау. Бұл белгілер немесе өлшеуге арналған арнайы құрал-саймандар көмегімен орындалуы мүмкін.
2. Алмаз бұрғыбасты, бұрғыны бекіту, олар арнайы бұрғылау станоктарында немесе қол бұрғыларында орнатылуы мүмкін. Дәл және тұрақты бұрғылауды қамтамасыз ету үшін олар дұрыс бекітілуі керек.
3. Салқындату: Бұрғылау кезінде алмаз бұрғылар қызады, сондықтан сумен немесе басқа сұйықтықпен үздіксіз салқындытуды қамтамасыз ету маңызды. Салқындату бұрғының қызып кетуіне жол бермеуге және оның қызмет мерзімін ұлғайтуға көмектеседі.
4. Бұрғылау: Бұрғылау процесінің өзіне бұрғыбастың, бұрғының айналуы және оның бетонда біртіндеп жылжуы кіреді. Бұрғының ұштарындағы алмаз кристалдар бетонды кесіп алып және ұсақтай тұрып, берілген диаметр мен тереңдіктегі тесікті қалыптастырады.
Бетонды алмазбен бұрғылаудың бірқатар артықшылықтары бар, олардың ішінде бұрғылаудың жоғары жылдамдығы, шаң мен шудың барынша аз пайда болуы, сондай-ақ бетонның әртүрлі типтерімен және басқа қатты материалдармен жұмыс істеу мүмкіндігі.